Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы Гранд Парк сауда ойын-сауық орталығының маңында қару қолданған жасөспірім ұсталды

Алматыдағы Гранд Парк сауда ойын- сауық орталығының маңында оқ атылды. Полиция 18-дегі жігітті қамауға алды. Әлеуметтік желіде куәгерлер жарақат алғандар бар дегенімен, полиция департаменті мұны жоққа шығарды. Сол уақытта қызметтегі патрульдік полиция дер кезінде шара қолданып, күдіктіні қолға түсірген. Оның қалтасынан сигналдық тапанша тәркіленді. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жедел басқару орталығының 102 пунктіне бірнеше рет атыс туралы хабарлама түскен болатын. Патрульдік полиция қызметкерлері Қабдолов көшесіне келе салысымен ізін суытпай жатып 18 жастағы ер адамды ұстап алды. Оның қолында тапанша шықты. Сигнал беретін тапанша. Сигналды тапанша өзінің сөзіне сүйенсек бірнеше рет аспанға ауаға атқан екен. Сондықтан осы тұрғын үйдердің адамдары үрейленіп полицияға шағымданған қазіргі таңда бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл азаматтың іс әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.