Русский Сайттың толық нұсқасы

"Халықаралық сарапшылар қауымдастығы Қазақстанды «Орта держава» ретінде мойындады", – сарапшы

Халықаралық сарапшылар қауымдастығы Қазақстанды «Орта держава» ретінде мойындады. Бұл- еліміздің биылғы халықаралық саладағы басты жетістіктерінің бірі. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осындай пікір білдірді. Сарапшылар жылды қорытындылай келе, Қазақстанның бірнеше маңызды халықаралық ұйымдар мен құрылымдарға төрағалығының сәтті аяқталуын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысының негізгі серіктес елдерге шетелдік сапарлары стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал еткенін айтады. 

АЙДАР ҚҰРМАШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ АЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол бір жағынан біздің көпвекторлы саясатымызды көрсетіп отырса, екінші жағынан – инвестицияларды тарту. Инвестицияларды тартуда Президенттің ойынша зауыттар немесе белгілі бір компанияларды Қазақстанда ашу емес, сонымен қатар, адами капиталды көтеру, оны әрі қарай дамыту.

Сарапшылар экономикалық саладағы жетістіктерді де жіпке тізді. Сөздерінше, 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың қабылдануы еліміз үшін маңызды қадамдардың бірі болды. 

НҰРЛАН САҚУОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту жоспарында 204 жоспар бар. Энергетика саласында 46 жоба, көлік саласында 59 жоба бар. Жобаларды жүзеге асыру кезінде халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара әрекеттестікке назар аударылады.