"Каспий" футбол клубының бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар аса ірі көлемде ақша бопсалады және зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. Қазір үш азамат қамауға алынған.
ДАНИЯР БИҒАЙДАР, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ӨКІЛІ:
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы негізінде олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар экс-директордың футбол клубының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатысы тексерілуде. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.