Қызылорда облысында ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытқа 4 млрд 600 млн бөлініп, перинаталды орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңаланды. Одан өзге облыстық көпбейінді аурухана жанынан экстрагенитальды патологиясы бар босанушы және босанған әйелдерге арналған 70 төсек орын ашылды.
Ботагөз Омар мерзімінен бұрын босанған. Қызының салмағы -2 келі 400 грамм. Шақалақ қазір арнайы аппаратта жатыр. Күндіз-түні дәрігерлердің бақылауында.
БОТАГӨЗ ОМАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Алақандай ғана бала өмірге келеді ғой. Оны біз ұстамақ түгілі қасына жолауға қоқамыз. Бізге адам қалпына келтіріп, емдеп, күндіз-түні қасында, өздерінің аналары сияқты жүріп, заманауи аппараттармен біздің балаларымыздың ем-домын жасап, қарап, адам қалпына келтіріп жатқандары үшін рахмет айтамыз.
Қазіргi таңда жансақтау бөліміндегi қондырғылар жаңаланып, толықтырылған. Одан өзге іште жатқан ұрықтың дамуын бақылауға мүмкіндік беретін ультра дыбыстық зерттеу жабдығы алынды. Бұл балаларда туа бітті пайда болатын ақауларды дер кезінде анықтауға сеп болады дейді мамандар.
ГАУҺАР ӘБДІҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ УДЗ ДӘРІГЕРІ:
Әлемдегі ең жақсы аппараттың бірі. Біз өте қуаныштымыз аппаратымызға. Әлем бойынша жүрек тамыр ақаулары көбейіп кеткен. Соны анықтаудада аппарттың, именно кордиальный пакеттері өте көп көмектесіп жатыр.
Ана мен бала орталығында күніне шамаман жоспарлы түрде 6-7 операция жасалады. Шұғыл әрекет ететін жағдайлар да кездеседі. Мұндағы ота бөлмесі де биыл заман талабына сай қайта жабдықталды.
МАЯ МИРЗАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ашық реанимациялық жүйе, оны фототерапиясы, операциялық стол, лапроскапиялық құрылғылар, яғни күрделі операциялар жасауға, шала туған нәрестелердің өміршеңдігін ұзартуға арналған барлық медициналық ұйымдар алынды. Медициналық құрал-жабдықтармен қамту соның арқасында 84 пайыздан, биылға 87 пайызға жоғарылап отыр.
Мамандардың біліктігін арттыруға биыл 144 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде ақхалаттылар шет елдерде білімін жетілдіріп келді.