Русский Сайттың толық нұсқасы

Суданда миллиондаған адам аштыққа ұшырауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2024
  • 138

Азаматтық соғыс жайлаған Солтүстік-Шығыс Африкадағы елде аштық басталды. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) мен ЮНИСЕФ деректері бойынша, ашыққандар саны шамамен 638 мың адамды құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BILD басылымы ең алаңдататыны – адамдар өнім ең көп болатын егін жинау маусымында аштыққа ұшырап отырғанын жазады. Аштықтан өлім жағдайлары тіркеліп ұлгерген.

«Адамдар күннен-күнге әлсіреп, бірнеше ай бойы азыққа қол жеткізе алмай, аштықтан қайтыс болуда», – деді WFP сарапшысы Жан-Мартин Бауэр.

Қазірдің өзінде 24 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінуде, бұл Судан халқының жартысынан астамын құрайды.

БҰҰ-ның мәліметінше, аштық – азық-түлік дағдарысының ең ауыр түрі, онда халықтың 20%-дан астамы тамақ тапшылығын сезінеді, күніне екі ересек немесе төрт бала аштықтан өледі. Судан соңғы 15 жылда ңтүстік Судан мен Сомалиден кейін аштық жарияланған үшінші ел болып отыр.

Аштықтың негізгі себебі – азаматтық соғыс. 2023 жылдың сәуір айынан бері Суданда билік үшін ел басшысы Абдель Фаттах әл-Бурхан мен оның бұрынғы орынбасары Мұхаммед Хамдан Дагло арасында қанды күрес жүріп жатыр.

Соңғы 20 айда бұл соғыс әлемдегі ең ірі гуманитарлық апатқа айналды, бірақ халықаралық қауымдастық оған аз көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде 24 мыңнан астам адам қайтыс болды, 13 миллионнан астам адам босқынға айналды, оның ішінде 3,2 миллионы көршілес елдерге: Чад, Египет және Оңтүстік Суданға қашып кеткен.