Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2024
  • 84

Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы Жылыой аудандық сотында «№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ директоры Г. Жалекенова мен бухгалтер А. Шмидоваға қатысты үкім оқылды.

«Олар мекемеде нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Шмидова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Жалекенова залалдың толық өтелуін және жас баланың болуын ескере отырып - 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды. Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.