Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысының Шақа ауылында жаңа медпункт ашылды

Павлодар облысының Шақа ауылында су жаңа медпункт ашылды. 350 халқы бар ауыл тұрғындары бұрын дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына қатынайтын. Енді жаңа ашылған нысан ауыл тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсететін болады. Медпунктте қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар. Тұрғындарға 1 дәрігер мен 1 медбике бөлінген. 

АЙДЫН ҚОБАЙДАРОВА, АҚҚУЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Осы медпункттің ішінде дәріхана пункті, медбике пункті және процедуралық кабинет, физиотерапиялық кабинет бар. 358 адам тұрады. Оның 257 ересек адамдар, балалар 80, бүгінгі күні 1 жүкті әйел бар. 19 мүгедек адамдарымыз бар. Диспансерлік есепте 60 тұрғын тұрады.

Биыл Аққулы ауданында «Ауылдық елдімекендердегі денсаулықты жаңғырту» бағдарламасы аясында 6 медициналық нысан бой көтерді. Шақадан бөлек, Жабағылы, Тілектес, Қазантай, Қазы, Тақыр ауылдарында да медициналық пункттер ашылып, ел игіліне берілді. Аймақта осы жылы 30 медпункт бой көтерді. 

ЕРГЕН ӘДЕПОВ, ШАҚА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін ауылда қуаныш болып жатыр. Жаңадан медпункт ашылып, халыққа жағдай жасалып отыр. Ауылымыз көркейе берсін. 3 жыл бұрын мешітіміз ашылған. Енді міне медпункт. Жақсы дәрігерлер болсын. Ауыл тұрғындарына дендері сау болсын. Бастары аман болсын. Жаңа ғимаратқа тек профилактикаға келіп отырсын.