Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореяның депутаттары уақытша президентті де орнынан алып тастамақ

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2024
  • 175

Оңтүстік Кореяның оппозиция депутаттары президенттің орнында уақытша отырған премьер-министр Хан Док Суға да импичмент жарияламақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Хан басты оппозициялық партия - Демократиялық партия (ПД) ұсынған судьяларды Конституциялық сотқа тағайындамай қойған. Содан кейін депутаттар премьер-министрге импичпент жариялайтынын айтты. Сонымен қатар, Хан бірнеше оппозициялық заң жобасына вето қойды, құжаттардың ішінде елге әскери жағдай жариялаған Юнға қатысты арнайы тергеу жүргізу туралы да заң жобасы бар.

Импичмент туралы ұсыныс 24-тен 72 сағат аралығында дауыс беруге шығарылады. Заң жобасы қабылдану үшін 300 депутаттың 151-і қолдауы керек. Қазіргі уақытта парламенттегі 300 орынның 170-і Демократиялық партия өкілдеріне тиесілі.

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Док Су президент Юн Сок Ёль желтоқсанның басында қызметінен шеттетілген соң, оның орнына уақытша ел басқаруға келген. Егер депутаттардың импичмент туралы бастамасы қабылданса, келесі президенттің қызметін атқаруға қаржы министрі Чхве Сан Мок келетін болады.