Русский Сайттың толық нұсқасы

ChatGPT-дің қызметінде ақау пайда болды

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2024
  • 281

Сайтты пайдаланушылардан 14 000-нан астам шағым түскен.

OpenAI ChatGPT веб-сайтында жаһандық ақау болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы күні ChatGPT-ге қатысты АҚШ-тағы пайдаланушылардан 14 000-нан астам шағым түсті, Нидерланды, Германия және Қазақстан сияқты басқа елдерден де ақаулар туралы хабарламалар келіп түсті.

Кейбір пайдаланушылар ChatGPT-дегі аккаунтына кіре алмады, ал басқалары сайтты мүлдем аша алмайды.

Сонымен қатар Reddit форумының пайдаланушылары AI тіл үлгісі веб-сайтының жұмыс істемейтінін растады.

Айта кетейік, ChatGPT соңғы жаһандық өшуі 11 желтоқсанда орын алды.