Русский Сайттың толық нұсқасы

Трамптың жаппай депортациялауы 86 миллиард долларға бағаланды

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2024
  • 149

АҚШ шекара қызметінің басшысы Томас Хоман жаппай депортациялаудың «бағасы» жоқ екенін және бұл ең бірінші кезекте «ұлттық қауіпсіздікке» қатысты екенін айтты, деп хабарлайды The Hill.

Т.Хоман 86 миллиард долларлық жаппай депортацияның құнын қорғап, бұл болашақта америкалық салық төлеушілердің ақшасын үнемдейтінін айтты. Оның айтуынша, дәл қазір АҚШ тегін әуе билеттеріне, қонақүй нөмірлеріне, медициналық қызметке, тамақ пен білім беру жүйесіне миллиардтаған доллар жұмсап жатыр.

— Ұлттық қауіпсіздікке қандай баға бересіз? Мен оның бағасы жоқ деп ойлаймын. Балаларын өз қолдарымен жерлеген мыңдаған америкалық аналар мен әкелерге қандай баға бересіздер? Сіз отбасылардың бөлінуі туралы сөз қозғағыңыз келеді, олар балаларын жерледі, өйткені олардың балаларын мұнда тұрмауы тиіс заңсыз иммигранттар өлтірді. Мен оған баға қоймаймын. Мен ұлттық қауіпсіздікке баға қоймаймын. Мен америкалықтардың өміріне баға қоймаймын, — деді Томас Хоман.

Шекара қызметінің болашақ басшысы Трамп әкімшілігі отбасыларды бөлуді емес, керісінше оларды бірге депортациялауды жоспарлап отырғанын айтты. Осылайша, заңсыз мигранттардың балалары АҚШ азаматтығынан айырылмайды, бірақ олар әрі қарай шешім қабылдау үшін оңалту орталықтарына орналастырылуы мүмкін. АҚШ-та заңсыз жүрген отбасылар жасай алатын ең жақсы нәрсе — өз беттерімен депортациялану.