Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігерлер жаңа жылдық дастарханға қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті

Қазір нағыз қарбалас сәт. Еліміздің түкпір - түкпірінде жаңа жылға дайындық қызу. Ал мерекелік дастарханның дәмді ғана емес, денсаулыққа пайдалы болуы тиіс дейді мамандар. Тілшіміз Бақыт Қазанғапқызының материалын көрейік. 

Жаңа жыл -отбасылық мереке. Ескі жылды шығарып салып, келер жылды тұрғындар әдемі дастархан жайып, жақындарымен қарсы алады. Біз тұрғындардан мерекелік дастарханға қандай тағам дайындайтынын сұрадық.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ет, қуырдақ, қазы-қарта, салаттар дайындаймыз. Оливье, французский. Жаңа жылды ерекше күтеміз, немерелерімізбен күтеміз.
- Бешбармақ, балаларым бешбармақ жақсы көреді.
- Ет асамыз. Сосын салат анау-мынау. Елімізге тыныштық, денсаулық, аманшылық!

Ет -әрине жақсы. Ұлттық тағамды көк шөп қосылған салаттармен бірге жесе денсаулыққа пайдалырақ. Дәрігерлер жаңа жылдық дастарханды денсаулыққа пайдалы тағаммен толтырып, ішімдік, тәтті газдалған сусындар мен тәттілердІ азайтқан жөн дейді. Сонымен қатар дүкен сөрелерінен балғын өнімдерді алып, сақтау мерзіміне мән беруді ескертеді. Денсаулыққа ас пайдалы болу үшін көбірек су ішіп, кешкі астан кейін міндетті түрде серуенге шығуға кеңес береді.

АЙГҮЛ САРТАЕВА, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ № 2 ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тамақты пісірілген түрінде жеу және пеште дайындалған және ішімдікті көп ішпеу. Тамақ ішкеннен кейін далаға серуендеп физикалық жүктеме істеу керек. Адамдар тамақты көп мөлшерде жеп ұйықтап қалса, ол ас қорыту жүйелеріне зиян келтіреді.

Жаңа жыл десе безендірілген жасыл шырша мен мандарин елестейді. Мерекелік дастарханның көркі - дәстүрлі «Оливье» салаты. Бірақ біз бүгін салатқа басқаша дәм беріп, қазақша нұсқасын дайындайтын боламыз. Арнайы «Астана таймс» жаңалықтары үшін қаламыздағы мейрамхананың бас аспазы бұл салатты ерекше рецептпен дайындады.

МҰСА ҚҰСАЙЫНОВ, БАС АСПАЗ:

Ассалаумағалейкум! Бүгінгі біздің мейрамға Оливье салатын қазақша жасаймыз. Майонез орнына сүзбеге ауыстырамыз. Свежий киярда өте көп витаминдер бар. Ал колбасаның орнына піскен жылқы етін қосамыз.

Міне, салат дайын. Ол денсаулыққа пайдалы әрі дәмді болып шықты. Ең бастысы Жаңа жылда көтеріңкі көңіл күймен отбасының, жақындарыңыздың арасында қарсы алыңыз. Жыл құтты, берекелі болсын!