Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

Әлеуметтік нысандар құрылысы, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу «AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы жылды қорытындылады. Жиында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Өңірде биыл баспана кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға 633 пәтер берілді. Білім беру саласында 920 орынға арналған 6 мектеп салынды. 4 медициналық пункт ашылды. Биыл Алға, Әйтеке би, Мәртөк және Темір аудандарындағы бөгеттерге күрделі жөндеу жүргізілді. Өңірде 28 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Жер аманаты» жобасы аясында 237 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, «AMANAT»ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шалқар ауданы Қауылжыр және Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдарында ауылдық клубтар салынды.Ырғыз ауданы Құйлыс, Қобда ауданы Жарық, Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдарында ауылдық клубтар жөнделді.Ырғыз ауданы орталығында, Әйтеке би ауданы Құмқұдық және Алға ауданы Бестамақ ауылдарында спорт кешендері салынды. Ақтөбе қаласындағы Химик стадионының базасында 1000 орындық балалар футбол академиясы ашылды.