Жыл басынан бері жедел құтқару жасағы 147 тұрғынның өмірін құтқарып қалды. Оның 72-і бала. Қыс басталғалы базаға түсетін қоңыраулар саны артқан. Қолайсыз ауа райына байланысты табиғи апаттар жиі болатын көрінеді. Күнделікті ажалмен арпалысатын жандар туралы әріптесім Айдана Қайрат айтады.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Мен дәл қазір құтқарушылармен бірге 15 м биіктікті бағындырып көрмекпін. Әрине қорқынышты. Бірақ байқап көрейік.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Біз биіктіктен түсіп келеміз. Шынымды айтсам өте қорқынышты. Менің қасымда құтқарушы болғандықтан қатты алаңдап тұрған жоқпын.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Жедел құтқару жасағы күнделікті 5-6 адамның өмірін құтқарып жатады. Күніне 500м дейінгі биіктікті бағындырады.Жалпы бұл жерге қоңырау келіп түскеннен бастап құтқарушылар 1 минуттың ішінде базадан шығуы қажет.
Арнайы жасақтың негізгі мақсаты – жету қиын аймақтарда, күрделілігі жоғары учаскелерде авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сондай-ақ табиғи апаттардан, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін басқа мемлкеттерге де барып жатады. Қазір қыс мезгілі болғандықтан аязды күні жолда қалып жатқандар көп.
ЖАЛҒАС ДАНАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Соңғы жағдайлар бізде. Жақында боран болып тұрған кезде үйдің шатыры желмен ұшып сол кезде адамдарға қауып төнген кезде соның алдын алып бәрін, түсіріп алғашқы көмекті жаңағы көрсеттік. Бүкіл бір үйдің адамдары сыртқа шықты.
Адамды ажалдан арашалап қалу оңай емес. Бұл үлкен физикалық ептілікті талап етеді. Құтқарушылар күніне 2 сағат уақытын арнайы жаттығуға арнайды. Олар шымыр ғана емес, психологиялық тұрғыдан болаттай берік болуы тиіс
АЙДЫН ҚИЫНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰТҚАРУ ДИСПЕТЧЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКШІСІ:
Бірінші 18-ге толған болуы керек. ҚР азаматы болуы керек және орта білімі болуы керек. Физикалық жағынан мықты болуы тиіс.
Халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздік пен апаттық жағдайға жол бермеуді қадағалайтын төтенше жағдайлар қызметі жауапкершілікті, ерлік пен батылдықты талап етеді. Адамдарды құтқару — қауіпті, бірақ абыройлы міндет.