90 жылдық тарихы бар оқу ошағының мүмкіндігі көпке де, көкке де жеткен. Мәселен, Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетімен бірлесіп алдағы жылы ғарышқа микроспутник ұшыруды жоспарлап отыр. Бүгінде аппараты құру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ білім ордасы Орталық Азияда алғашқы боп қос наноспутникті аспан кеңістігіне жеткізген. Одан бөлек биыл университетте Қазақстан, Франция және АҚШ ғалымдарын бір арнаға тоғыстырған ғылым орталығы ашылды. Сонымен қатар химия және химиялық технология факультетінің ғалымдары 9 зертханадан тұратын химиялық кластерді іске қосып, қоршаған ортаны ластайтын заттарды анықтауда. Әрі отандық медициналық-биологиялық құралдар мен батерияға қарсы қорғаныш жабындарын әзірлейді.
АЯЖАН СЕЙДУЛЛАЕВА, ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ, «CHEMMEDLAB» ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Біздің ғылыми топтың мақсаты ол хирургиялық жіптердің бетіне антибактериялды жабын жасап, оны қолданысқа енгізу. Яғни жіптердің беттеріне мультиқабатты нана размердегі жабындар орнатылады. Және ең соңғы қабатқа антибактериялды агент енгізіледі. Антибактериялды агенттің қарапайым антибиотиктерден көптеген артықшылықтары бар. Мысалы бактерияға резистендтілік шақырмайды және де бактерияларға қарсы тез әрекет етеді.