Әлеуметтік желіде қырық көлік соқтығысқан видео тарады. Оқиға
Ақмола облысында тасжолда орын алған.
Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржан сал ауданының Қоғам мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) бұрын 40-қа жуық көлік соқтығысты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ", - деп хабарлады ведомство.