Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда еңбек жәрмеңкесі өтті

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2017
  • 2039

Алматыда бұрын соңды болмаған еңбек жәрмеңкесі өтті. «Абай» атындағы алаңда мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткісі келетін білікті мамандар үшін бос жұмыс орындарына ұсыныстар қабылданды.

Қала әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы департамент 400 мамандық бойынша қызметкерлер керектігін айтады. Мемлекеттік кірістер департаменті, ішкі істер, әділет, аудандық және қалалық әкімдік аппараттары үшін қызмет орындарына бақ сынап көруге боладыОқу жылы аяқталуына байланысты шара білікті мамандар үшін де таптырмас мүмкіндік, -дейді ұйымдастырушыларМаусымның 23-і мемлекеттік қызметкерлер күні, бүгін түскен ұсыныстар сол мерзімге дейін қарастырылып, қажетті мамандар таңдап алынады. Айта кетейік, Алматыда 80 мемлекеттік орган, 45 аумақтық және 35 жергілікті мемлекеттік мекемелер жұмыс істейді.

Шынарай Әмірхан, Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері және СЖҚ департамент жетекшісінің орынбасары:

Оларға қойылатын талап та оңай емес. Әрбір адамның біліктілігіне мән беріледі. Ең бастысы - жоғарғы оқу орнын бітірген маман болуы шарт. Жұмыс істегісі келетін мекемеде арнайы тестілеуден өтіп, соның қорытындысына қарай шешім қабылданады.