Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-қа соңғы онжылдықтағы ең қатты боран соғуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2025
  • 228

 АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі елдің орталық бөлігінде басталған қарлы боран алдағы күндері шығысқа қарай жылжиды деп болжап отыр, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, елде рекордтық қар жауып, ауа температурасы төмендейді. Тіпті Миссисипи мен Флорида сияқты оңтүстік штаттарда күн райының қауіпті жағдайы болжанып отыр. Метеорологтар мұны полярлық құйынмен байланыстырды.

Орталық штаттарда «күнделікті қалыпты өмірдің айтарлықтай бұзылуы» және жол қозғалысының қауіпті жағдайлары болжанған. Канзас пен Индиана штаттарының кейбір аудандарында 20 см-ге дейін қар жаууы мүмкін.

Орта батыста боран соғады, ал кей штаттарда көктайғақ болады. Шығыс жағалау да қарлы күн райына дайындалу үстінде.

Әуе компаниялары ықтимал үзілістерге байланысты рейстерге төлем алуды тоқтатып отыр. Жауын-шашын дүйсенбіде аяқталуы керек болғанымен, сейсенбідегі төмен температура қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін.