Русский Сайттың толық нұсқасы

Есірткі өндірушілер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Заңның қабылдануы - істің басы ғана. Олардың іс жүзінде жұмыс істеуі әлдеқайда маңызды. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында осылай деді. Президент былтыр жүзеге асырылған маңызды заңнамалық бастамаларды жіпке тізді. Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін жетілдіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. 

Өткен жыл еліміз үшін заңнамалық жаңалыққа толы болды. Президент 95 заңға қол қойды. Соның ішінде 9 заң Ұлттық Құрылтайдың бастамасымен қабылданды. Барлық заңдар қоғам өкілдерінің, сарапшылардың белсене қатысуымен әзірленді.

ДМИТРИЙ КОЛОДА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты ашық әрі жан-жақты болды. Мен Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде Парламенттің заң шығару жұмысына айрықша тоқталғым келеді. Президент былтыр қабылданған бірқатар заңдарды атап өтті. Мәселен, лудоманиямен күреске қатысты заң күшіне енді. Бұдан бөлек есірткі қылмысына қарсы заңды айта кеткен жөн.

Былтыр жастар арасында індетке айнала бастаған вейптерді сатуға және таратуға тыйым салынды. Азаматтардың үсті-үстіне несие алып, қарызға батуына жол бермеуді көздейтін заң қабылданды. Әйелдердің құқығын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң күшіне енді. Бұл құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылық тамырына балта шабу көзделген.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл қадам, әрине, Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының аясында жүзеге асырылды. Бұл заңды қабылдау да оңай болған жоқ. Мен заң жобасын жүргіздім, жұмыс тобының жетекшісі болдым. Біріншіден, біз жаңа мәдениет қалыптастырудамыз. Қазіргі таңда әйелдер тарапынан зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеу мәдениеті қалыптасып келеді.

Қаңтар айы басталысымен елде тағы бір маңызды заң қабылданды. Енді есірткі өндірушілерге де жаза қатаңдайды.

НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші рет закладчик болып есірткіні таситын курьерлер, көбінесе, жастар, кейде кәмелетке толмаған жастар болуы мүмкін. Осы заңды қабылдағанға дейін осы қылмыс үшін 15 жылдан 25 жылға дейін сотталуы мүмкін еді. Қылмыс болғаннан кейін міндетті түрде жаза болуы тиіс. Алайда особо тяжкий деген разрядтан біз тяжкий дегенге ауыстырып жібердік.

Қасым-Жомарт Тоқаев заңдарды қабылдап қана қоймай, олардың іс жүзінде жұмыс істеуіне ерекше мән беру керектігін атап өтті. Сөзінше, елімізді дамыту жолындағы басымдықтарды негізге ала отырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғаса бермек.