Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңа инфекция бойынша даңғаза жасаудың қажеті жоқ" - Президент

Елді дүрліктірген метапневмовирусы Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бұрын анықталған. Әр жылдары күшіне енетін вирусты соңғы үш айда 30 қазақстандық жұқтырды. Сырқат тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекцияның маусымдық көбеюі кезінде байқалған. Жөтелді үдетіп, тынысыңды тарылтатын дерт қазір әлемнің біраз елінде бар, дейді мамандар. Жұртты алаңдатқан вирус туралы Мемлекет басшысы да пікір білдірді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ,  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Бұл мәселе бойынша толқудың не болмаса даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек.

Бұл вирустан елімізде бірде-бір адам көз жұмбаған. Алайда көрші елде өршіген індеттен балалар мен созылмалы сырқаты бар жандар сақ болғаны жөн. Инфекцияның негізгі белгілері – бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу және тырысу. 

ЖҰМАБЕК БЕКЕНОВ, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

Жаңадан ашылған вирус емес. Бұл вирус Қазақстанда 2001 жылдан бері анықталып, жылда айналыста жүр. 5 жасқа дейінгі балада өте қауіпті. Өйткені иммунитет өте аз. Бұл аурудан емес, бұрынғы өзінің созылмалы, хроникалық дейміз ғой, содан кетіп қалуы мүмкін.