Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да 8 бөгет қалпына келтіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2025
  • 116

AMANAT партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Ущев көшесіндегі бөгет 1960 жылы пайдалануға берілген. Бұл маңызды нысан қаланы су тасқынынан қорғауда елеулі рөл атқарады. Қазір бөгет нығайтылып жатыр. Өткен көктемдегі тасқын судың деңгейі ескеріліп, бөгеттің биіктігі 4,5 метрден 7 метрге дейін, ені 3 метрден 6 метрге дейін ұлғайтылды. Ал ұзындығы 300 метрге дейін созылды. Қазіргі уақытта нысанға 205 мың тонна инертті материал жеткізілді. Бүгінде бөгетті бетон плиталарымен нығайтылып жатыр.

Атқарылып жатқан жұмыстардың барысын Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода көрді. 

- Бұл шаралардың барлығы өткен жылғы жағдайдың қайталануын болдырмау мақсатында қолға алынды. Былтыр тасқыннан көптеген адам зардап шекті. Қаншама үйге зақым келді. Биыл бұған жол бермейміз. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жақсы деңгейде жүргізіліп жатыр, - деді Еркебұлан Мәмбетов.

Жұмысты «BUILDING STROY-2020» ЖШС атқарып жатыр. Жобаның жалпы құны 851 млн теңге. Құрылыс барысында сапалы материалдар мен заманауи технологиялар қолданылды. Бұл бөгеттің пайдалану мерзімін ұзартпақ. 

Жалпы өңірде қазір 8 бөгет қалпына келтіріліп жатыр.