Русский Сайттың толық нұсқасы

Бес ай бұрын іс-түссіз жоғалған атыраулық азаматтың денесі судан табылды

Атырау облысында бес ай бұрын іс-түссіз жоғалған азаматтың мүрдесі табылды. Индер ауданы Елтай ауылының 53 жастағы тұрғыны былтыр тамыз айының аяғында кешкісін көлігімен балық аулауға кетіп, оралмаған. Іздеу-құтқару жұмыстарына еріктілер де көмекке келіп, мамандар Жайық өзені мен далалық аумақты түгел шолып, әуеден барлау жасады. Алайда нәтиже болмай, іздеу тоқтатылды. Кеше қой бағып жүрген азамат өзен бетінен көлік қаңқасын көріп қалып, тиісті органға бірден хабар берген. Лада маркалы көліктің ішінен азаматтың мүрдесі шыққан. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Автокөліктің өткен жылы тамыз айында іс-түссіз жоғалған 1971жылғы туылған ер адам екендігін және автокөліктің оған тиесілі екендігін анықтаған. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар жүргізіліп, мәселенің мән жайы аныталуда