Қостанайда жиһаз цехында есірткі сақтаған кәсіпкер ұсталды. Ол енді 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жеке кәсіпкердің цехынан ірі көлемде есірткі тәркіледі. Жедел іздестіру іс-шарасына иісшіл иттер тартылып, жиһаз цехында 600 грамм гашиш пен 500 грамм марихуана табылған. Оны 38 жастағы жеке кәсіпкер сақтаған. Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
ҚАЙРАТ ГАЙСИН, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады, сәйкесінше қылмыстық жауапкершілікті әлдеқайда ауырлатады. Есірткі құралдарының аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.