Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалды

Қостанай облысында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Оқиға Әулиекөл ауданында болған. Бетін шарфпен ораған белгісіз адам операторды пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Күдікті күш қолданып кассадағы 33 мың теңгені сыпырып кеткен. 

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі уақытта қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді. Осы қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.