Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғандық оқушылар көшет егіп, қоқыс жинай алатын робот ойлап тапты

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экологиядағы инновациялар» тақырыбында семинар өтті. Басқосуда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары орманды қалпына келтіруге арналған автономды роботты таныстырды. Ол бір циклда 60 көшет егуге қабілетті. Ал, шынжыр табанды шассидың арқасында кез келген топырақта жұмыс істей алады әрі қиын аймақтарда емін-еркін қозғалады. Робот қоқыстарды жинауға икемделіп құрастырылған. 

АЯУЛЫМ ӘЛИЕВА, СТУДЕНТ:

Идеяға негізгі келу себебіміз, бұл біздің Қазақстанға көмектесу, яғни экологиялық проблемалардың шешімін табу болып табылады. Біз білетіндей, Қазақстанда неше түрлі экологиялық проблемалар бар және де олар жасырылмайды да. Бәріміз білеміз ол туралы. Солардың шешімін табу үшін біз «Көзқарас» командасымен осы проектті бастаған болатынбыз.