Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада баласын жалғыз қалдырып кеткен ананы іздеп жатыр

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2025
  • 336

Желіде көшеде жалғыз жүрген 3-4 жасар баланың табылғаны жайлы ақпарат тарады.  Аталған жағдай бойынша Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

- Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланың басын қауіп-қатерге тігу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды, - делінген хабарламада.

Қазір полиция баланың анасын іздеп жатыр.

Сондай-ақ, Көліктегі полиция департаментінен Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны ескертілді.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.