Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2025
  • 192

Оралда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 Көлік тізгіндеген адам Ақжайық ауданының ІІБ көші-қон қызметінің қызметкері екені анықталды.

БҚО полиция департаменті апат фактісін растады. Департамент ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, апат жарық орнатылмаған жолда болған екен.

Адам қаққан полиция қызметкері қызметінен босатылды. Полиция басқа ақпараттың жария етілмейтінін мәлімдеді.