Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 500 шақырым жол жөндеуден өтті

Ақтөбе облысында жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруда 193 жоба жүзеге асырылды. 500 шақырым жол жөнделді. Ақтөбе-Қандыағаш күрежолының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Күре жолдың ұзындығы - 96 шақырым. 75 шақырымы төрт жолақты бірінші санатқа жатады. 

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бұрын қиын болды. Қазір жақсы. Өзім сол жақтан келіп тұрмын. Кеңұяқ дейтін жерден. Дтп аз ғой енді қазір. Жол жақсы төрт полоса, бәрі жақсы айдайды.
- Ақтөбе облысындағы Ақтөбе Қандыағаш екі орта жол салынды. Екі үш жыл болды. Жол жақсы. Ұнады. Екі үш рет бардым Қандығашқа көлігімен

Өңірде 53 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Қобда ауылынан Батыс Қазақстан бағытында 23 шақырым, Самара-Шымкент тас жолында Ырғыз ауылына 10 шақырым жол және Шалқар мен Қандыағаш аудандарының арасында 25 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар, жиырма жылға жуық жөндеу көрмеген Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ тас жолы жаңғыртылып жатыр. 

АЙБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АОФ ДИРЕКТОРЫ:

«Ақтөбе-Қарабұтақ» учаскесі бұл жерде «Ақтөбе- Қарабұтақ- Ұлғайсын» жобасын жүзеге асыру басталды. 268 шақырым ұзындығы оны жеті учаскеге бөлінген. Соның 28 шақырымында жұмыстар басталды. Топырақ жұмыстары сол жақ бір жақ бөлігінің жұмыстары аяқталып, көпір өткел, су өткізгіш құбырларда жұмыстар жүргізіліп жатыр.