Маңғыстау облысында су бұру, гидрогеология, өнеркәсіпті автоматтандыру саласында жаңа мамандықтар ашылады. Қазір колледждердің білім беру бағдарламалары жаңа мамандықтарға сай болуы үшін жаңартылып жатыр. Сондай-ақ, оқу орындарының материалдық-техникалық базасы жаңғыртылмақ. Облыста жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген және өңірлік штаб құрылды.
НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Осы жылға құрылыс, энергетика, логистика салаларына басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда осы Атласқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша микробіліктіліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Колледждерде салаға бейіндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.