Сенатор Марат Қожаев көлікті 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге салынатын айыппұлға қатысты пікір білдірді. Бұрынғы Ішкі істер вице-министрі тиісті талап бұрыннан барын және дамыған елдерде де қолданылатынын жеткізді. Қыс мезгілінде көлікті 5 минуттан артық қыздыратын жүргізушілер 19 660 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Заң бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл көлемі екі есе өседі. Депутаттың сөзінше, осы бап бойынша жүргізушілерді жауапқа тарту үшін нақты дәлелдер болуы қажет.
МАРАТ ҚОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Мұның бәрі қолданыстағы экологиялық нормаларды сақтауға бағытталған. Әсіресе, ірі қалаларда ауа қатты ластанған. Алайда бұл бап бойынша жауапқа тарту үшін бұлтартпас процедуралық дәлелдер қажет. Мысалы, бейнежазба, уақытты тіркеу, тағысын тағы. Егер осының бәрі болса, онда азаматтар әкімшілік жазаға тартылады.