Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 46 жастағы келіншек сегізінші қабаттан секіріп, қайтыс болды

Атырауда 46 жастағы келіншек сегізінші қабаттан секіріп, қайтыс болды. Оқиға бүгін таңертең Алмагүл ықшамауданындағы 16 қабатты үйде орын алды. Сол маңдағы куәгерлердің түсіріп алған видеосында марқұмның подъездің балконында аяғын салбыратқан күйі біраз уақыт отырғаны байқалады. Келіншек бұл ықшамауданның және бұл үйдің тұрғыны емес,- дейді полицейлер. Енді құқық қорғаушылар суицидке не итермелегенін анықтайтын болады. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

1979 жылы туылған әйел адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық Кодектсің 105-бабымен сотқа дейінгің тергеу амалдары басталды. Мәселенің мән-жайы жан-жақты тексерілуде.