Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 80 млн теңге жалған ақша тәркіленді

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2025
  • 129

Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таралып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді. Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты, - делінген мәліметте.

Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.