Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада медицина көлігімен базардан кілем тасыған

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2025
  • 118

Бейнежазбаға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасап, көліктің жедел жәрдем станциясына тиесілі емес екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басқарма мәлім еткендей, видеоғы көлік "Қалалық психикалық денсаулық орталығына" тиесілі болып шықты.

"Жүргізуші шаруашылық бөлімі басшысының нұсқауымен орталық базар аумағына балалар бөліміне сатып алынған кілемді алып кету үшін барған. Осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, оның барысында қызмет көліктерінің рұқсат етілмеген мақсатта пайданылғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Басқарма жүргізуші мен шаруашылық бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланып, тәртіптік шаралар қолданылғанын атап өтті.