Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 4-ші рет қатарынан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтті

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2017
  • 2331

Астанада 4-ші рет қатарынан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтті. Президенттің жарлығымен жүзеге асып, игі дәстүрге айналып үлгерген байқау еліміздің барлық облыстарында бір мезетте бастау алған. 

Отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында өткізілетін игі шараға өтініш білдіргендер саны да жыл санап артып келеді. Қала мен облыста бірінші орын иеленгендер отбасы күні қарсаңында өтетін республикалық байқауға жолдама алады. Биыл да мамандар елге сыйлы, көп балалы, үлгілі отбасыларды іріктеп алған. Олардың саны тек Астана қаласы бойынша 60-қа жуық. 1-ші, 2-ші, және 3-ші орын алған отбасыларды еліміздің әр саласында еңбек ететін танымал жандар марапаттап, құнды сыйлықтар табыс етті. Белгілі  дәрігер Салтанат Берденқызы, өмірде отбасының маңызы зор, оны сақтау әрбір ерлі зайыптының міндеті, дейді.

Салтанат Байқошқарова, Президент жанындағы әйелдер ісі және отбасы жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

Қазір мына ажырасудың көп болып жатқаны, осы жастарда шыдам, төзімнің жоқтығында. Күнде болып жатқан жылтыр дүниеге қызығуында. Үйленгеннен кейін «мен» деген сөзді ұмытып, «біз» деген сөзге қалыптасу керек. Өйткені адамның эгоизмі басым болса, ол міндетті түрде ажырасуға алып барады.