Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда орманшылар мен оқушылар құстарға арнап ұя мен жемсауыттар ілді

Қарағандыда орманшылар мен оқушылар құстарға арнап ұяшықтар мен жемсауыттар ілді. Табиғатты қорғауға арналған шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Қыс түскелі қаладағы саябақтар мен гүлзарлардағы ағаштарға 200-дей ұя мен жемсауыт орнатылды. Ал бұл жолы балалар орманға іліп шықты. Мұнда құстың көптеген түрі мекендейді. Орман санитарлары ағашты зиянкестерден қорғайды. Қыста қорек табу қиын болатындықтан, адамдар осылайша қамқорлық жасайды. Одан бөлек, жабайы жануарларға да жем-шөп беріледі.

ДУЛАТ ЖҰМАБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАС ОРМАНШЫСЫ:

«Таза Қазақстан» іс-шараларын жүргізіп жатырмыз міне. Балаларды, осы жердегі тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру үшін осындай шараларды жүргіземіз. Экомәдениет дейді, соны дамыту үшін”.