Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл соңына дейін 3 шетелдік фильм қазақ тілінде көрерменге жол тартады

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2017
  • 4851

Шетелдік танымал бір фильмді қазақ тілінде сөйлету үшін 100 мың доллар қаражат жұмсалады. Бұл туралы «Болашақ» корпоративтік қорының өкілдері айтты. Бүгінге дейін 20 кино мен мултьфильм қазақшаға аударылған. Жобалар демеушілердің қолдауымен жасалады және тікелей аударуды көздемейді. Барынша, түсінікті етіп, мазмұндық тұрғыда қазақы мақам қосу - басты мақсат. Әуелде кішігірім шығармашылық топпен басталған іс қазір өріс алып келеді.  Бүгінде 60-70 актердің дауысы таңдалып, жұмысқа шақырылған. Ал қазақ тілі Дисней студиясының өнімдері аударылатын тілдердің сапына енген.