Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болды

Әлеуметтік желіде тараған видеода автор мұнай өнімінің отыз үшінші парк аумағында ағып жатқанын айтады. Сұйықтықты сорып жатқанмен, азаяр түрі көрінбейді. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» басшылығы №33 резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ағып кету фактісін растады. Айтуларынша, оқиға мұнай өнімін жөнелту көлеміне әсер етпейді. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеуде. 

НҰРЛАН ЕСЖАНОВ, “АМӨЗ” ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

Бұл трубопровод жердің астында жатқан трубопровод, қазіргі уақытта ремонт жұмыстары жүріп жатыр, жердің астынан қазып ол трубопроводты таптық, жаңағы утечканы таптық. Енді не жағдай болғанын комиссия анықтайды, қазір еенді комиссия құрылады, соның қорытындысы бойынша сіздерге ақпарат берілетін болады.