Президент "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Қабылданған қаулыда әр облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру тұрғысынан көмектесу шаралары қамтылған. Енді креативті индустрияны дамытуға ықпал ететін арнайы заңды тұлға қызмет көрсетеді. Қор таланттарды іздеп, оларды насихаттаумен, креативті жобалар мен қызметтерді коммерцияландыру ісіне көмектесумен, сондай-ақ оларды әлем нарықтарында ілгерілетумен айналысады.
АИДА БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
Бүгін Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіне қатысты және бірқатар серпінді қағидаларды қамтитын заңға қол қойды. Осылайша, елдегі басты киностудия – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» жаңа даму кезеңіне қадам баспақ. Енді жыл сайын еліміздегі фильмдерге бөлінетін жалпы қаржының кем дегенде 30 пайызы тікелей Қазақфильмге бағытталады.