Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті. Жээнбек Кулубаев екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.