Ақорда Президенттің дипломатиялық қызметке қатысты заңға қол қойғанын мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған ресми ақпарат көзінде.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.