Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2025
  • 84

Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырған колледж есепшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс нәтижесінде бас есепшінің 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударып, бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

"Аталған факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген прокуратура хабарламасында.