Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2025
  • 65

Қазақстандық оқушы Кәрім Дүйсеков дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

10 жастағы 4-сынып оқушысы дүниежүзілік олимпиаданың ең кішкентай қатысушысы болып, Natural Science санатында өзгелерінен үздік атанды.

Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 4-8 сынып оқушылары қатысты. Қазақстаннан барған талантты оқушы өзгелерінен оқ бойы алда болып, бірінші орынды иеленді. Бұл бүкіл мыңдаған оқушыға шабыт беретін тарихи жетістік болды.

«Олимпиадаға бүкіл әлемінен үздіктер қатысты. Қазақстаннан 15 оқушы болды. Олардың арасында ұлым өзінің талантын, білімін, еңбекқорлығын көрсете білді.
Бұл қатардағы қарапайым жеңістің бірі емес. Бұл – қазақстандық балалар да әлемдік шыңды бағындыра алады дегеннің белгісі», - дейді Кәрім Дүйсековтің әкесі Талғат Дүйсеков.