Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі ауруханада медицина қызметкерінен туберкулез анықталды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2025
  • 49

 Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының медбикесі құрт ауруына шалдықты, - деп жазды KAZINFORM.

Қазір онымен байланыста болған әріптестері мен балалар тексеріліп жатыр.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында балалар ауруханасына жатып, ем қабылдаған ақтөбелік әлеуметтік желі арқылы өз ренішін білдірді. Оған емханадан хабарласып, анализ тапсыруын сұраған. Себебін дәрігерден туберкулез анықталды деп түсіндірген.

Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының хабарлауынша, расымен де бір қызметкерден құрт ауруы анықталды.

— Көпсалалы балалар ауруханасының әкімшілігі стационар қызметкерінен туберкулез анықталғанын растады. 2023 жылдың желтоқсан айында жұмысқа қабылданған қызметкер медициналық тексеруден өткен. Жұмыс істеуге рұқсат беретін медициналық кітапшасы бар. Ал 2024 жылдың қараша айында туберкулезге шалдыққаны расталды. Сондықтан онымен байланыста болған адамдар мен медицина қызметкерлері тексеруден өтіп жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының әкімшілігі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлім еткендей, 55 медицина қызметкері 700-ден астам бала тексеруден өтуі тиіс. Қазіргі кезде барлық қызметкер тексерілді. Ал балаларды тексеру шарасы әлі жалғасып жатыр.

— Мамыр айынан бастап денсаулығына байланысты демалыс алған. Алдымен ЖРВИ, кейін пневмониядан ем қабылдаған. Медицина қызметкері жансақтау бөлімінде медбике болып жұмыс істеген, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.