Өткен
жылғы жағдай қайталанбайды. Қарағанды облысының атқамінерлері биылғы су
тасқынының алдын алуға дайын. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Андрей
Ляпунов журналистермен кездесуінде мәлімдеді.
Биыл Қарағанды облысындағы 161
елдімекенді су шаюы мүмкін. Қазір қауіп төнген ауылдарда 209 эвакуациялау
бөлімі құрылған. Уақытша паналау үшін мектептер мен жатақханалар дайын екен.
Сондай-ақ, әкімдік өкілі өңірдегі 220 су қоймасы түгелдей бақылауға алынғанын
жеткізді. Былтыр судың ортасында қалған ауылдардың маңайына жаңа бөгеттер
салыныпты. Техника да жеткілікті деп сендірді.
Андрей
Ляпунов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:
Техника
өте көп. Бізге қарасты 362 құрылым, 6 мың адам, 190 техника бар. Оның үстіне
шаруа қожалықтарының техникасын қосамыз. Былтыр Жартас тоғанынан құтқару үшін,
адам тасығанымыз есімде. Биыл былтырғыдай емес, барлық күш жұмылдырылды.
Сондықтан тасқынға жедел тойтарыс бере аламыз деп ойлаймын.
Еске
салсақ, өткен жылы Қарағанды облысының 50-ден астам елді мекенін су басып,
400-ге жуық үй қираған болатын. Тасқыннан келген шығын 15 млрд теңгені құраған
еді.
Айжан ҚУАШ