Русский Сайттың толық нұсқасы

Илон Масктың компаниясы үшінші адамның миына чип орнатты

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2025
  • 117

Илон Масктың Neuralink компаниясы ми интерфейсі чипін үшінші адамға сәтті имплантациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компания 2025 жылы бұл чипті тағы 20-30 адамға орнатуды жоспарлап отыр. Бұған дейін мұндай тәжірибе екі адамға жүргізілген болатын.

Қазіргі уақытта Neuralink чипі орнатылған үш адам бар, олардың жағдайы жақсы, бәрі ойдағыдай жұмыс істеп тұр, — деп жазды Маск өзінің Х әлеуметтік желісінде.

Neuralink — паралич пен амиотрофиялық бүйірлік склероз сияқты ауруларды емдеуге көмектесетін ми импланттарын әзірлеумен айналысатын қарқынды дамып келе жатқан стартаптардың бірі. Бұл процедура бас сүйегін ашып, ми тініне арнайы электродтарды енгізу арқылы жүзеге асады. 2023 жылдың 28 қаңтарында Neuralink алғаш рет адамның миына чип имплантациялаған болатын.

Кейін 2024 жылдың тамызында Маск екінші адамға да осындай имплант орнатылғанын мәлімдеді.