Русский Сайттың толық нұсқасы

Біршама өңірде тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2025
  • 142

Қазақстанның көп бөлігі антициклон ықпалында қалып отыр. 13 қаңтарда ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, алайда кей аймақтарда тұман мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республика аумағында 13 қаңтарда тұман күтілетін аймақтар:

Атырау облысы: оңтүстік, батыс, солтүстік және Атырау қаласы;

Маңғыстау облысы: түнде және таңертең батыс пен солтүстігінде, Ақтау қаласында;

Ақмола облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында, Көкшетау қаласында;

Қызылорда облысы: оңтүстігінде;

Абай облысы: солтүстік пен оңтүстігінде және Семей қаласында;

Шығыс Қазақстан облысы: батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтары мен Өскемен қаласында;

Батыс Қазақстан облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде, түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде және Орал қаласында;

Түркістан облысы: оңтүстігі мен таулы аймақтарында;

Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында;

Жетісу облысы: шығысы мен таулы аймақтарында;

Қостанай облысы: батысы, солтүстігі және шығысында, Қостанай қаласында.

Желдің күшеюі

Жамбыл облысы: солтүстік-шығысында және таулы аудандарында;

Жетісу облысы: Алакөл көлдері аймағында;

Жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Семей мен Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.