Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық ер адам жалған түбіртек жасап, 7 жылға бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2025
  • 102

Астанада бұрын бірнеше рет лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін сотталған тұрғынға жаңа үкім шығарылды. Ер адам айыппұлдың 196 миллион теңгесін ішінара өтегені туралы түбіртектер көшірмесін ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астаналық ер адам бұған дейін сот үкімімен ол бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

"Сотталған адам сот орындаушысына айыппұлдың 196 миллион теңгесін ішінара өтегені туралы түбіртектер көшірмесін ұсынған. Нұра ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында бұл соманың мемлекет кірісіне түспегенін және айыппұлдың төленбегенін анықтады. Түбіртектің жалған екені белгілі болды", – деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Нұра ауданы прокуратурасының нұсқауымен сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа жүгінді. Сот бұл өтінішті қанағаттандырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жалған түбіртектерді ұсыну фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.