Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2025
  • 117

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің екі тұрғыны Ақтөбе аумағында кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп жазды Zakon.kz

Олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген.

Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқа мерзімде сотқа жолданды.