Күнделікті қала тазалығын қамтамасыз ететін жұмысшылар ардақталды. Астанада «Жастар рухы» белсенділері коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй таратып қуантты. Одан бөлек, волонтерлер қолдарына күрек алып, оларға қолғабыс етті. «Кел, шәй ішейік» деп аталған акция бірнеше жылдан бері тұрақты ұйымдастырылады. Алайда, биылғы шара ерекше. Президент жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандар жылы деп жарияланды. Сондықтан, акция ауқымы арта түседі, - дейді еріктілер.
АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Көптеген қара жұмыс істеп жатқан қызметкерлер кей кезде еңбектері бағаланбай қалып жатады. Сондықтан, біз жастармен шығып, дұрыс тәлім-тәрбие беру мақсатында осындай шара ұйымдастырып жатырмыз.