Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік полицейлер кішкентай баланы күрекпен ұрған адамды тапты

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2017
  • 4244

Шымкентте  4 жасар  баланы күрекпен ұрған өзінің әкесі. Прокуратура қызметкерлерінің дерегінше, 49 жастағы азамат бұзықтық жасап қойған ұлын осылайша тәртіпке келтіріп алмақ болыпты.

Еске салайық, өткен бейсенбіде автокөлік доңғалақтарының ішіне тұрғызып қойып, ересек адам кішкентай баланың басынан күректің сабымен ұрғылап жатқан сәті әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді. Еңбекші ауданы прокуратурасы өкілінің айтуынша, 49 жастағы әке ұлын 1,5 жасынан жалғыз тәрбиелеп келеді. Оқиға болған күні ол жеке үйлердің бірінде жалдамалы жұмыс істеп жүрген.

Рүстем Жақсылық, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары:

Жұмыс істеп жатқан кезде бала айтқан тілді алмаған, ары-бері қашып кеткен. Үйдің иесі айтыпты:  «Балаңызды сіз өзіңіздің қасыңызға алып жүрсеңізші, балаңыз неғып тыныш тұрмайды», - деп. «Менің олай істеген себебім дейді: егер мен оны істемесем, ол үйдің хозяйкасы баламды ұрысады ма деп, бөтен біреу ұрысқанша, өзім тәртіпке шақырайын дедім», деп қояды, әйтеуір енді. Баладан психологтың қатысуымен жауап алынды. Оның алдында әкем ұрған емес деді. 


Айта кетейік, бұл жәйт бойынша полиция «Азаптау» бабымен қылмыстық  іс қозғаған. Қазір баланың денесінде ұрып-соғу, яғни дене жарақаттарының белгілері бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Соның негізінде процессуалдық шешім қабылданатын болады. Әзірге ұлын ұрып-соқты деген әкеге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмаған.