Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілмек

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2016
  • 1475

Астаналық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілетін болды! Жеңістің 71 жылдығына орай бас шаһар басшылары қарттарға осындай сый әзірлеуді ұйғарған. Маслихаттың кезектен тыс өткен 65-ші сессиясына мұндай ұсынысты Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин жасады. Қаржы әкімдік бюджеті есебінен бөлінбек.  

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Қалада жалпы саны 172 Ұлы Отан соғысы ардагері бар. Әрине, оның басым бөлігі түрлі санаттағы мүгедектер. Сондықтан бюдежтті қайта қарап, 9 мамырға 1 млн теңгеден беруді ұйғардық. Барлығына жеке-жеке!

Құралай ПИОНЕР